Рафаэль Надаль Астанаға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рафаэль Надаль Астанаға келді

24.09.2014
Рафаэль Надаль Астанаға келді

Әлемдік теннистің жұлдызы Рафаэль Надаль Астанаға келді. Ол мұнда француз Жо-Вильфрид Тсонгамен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч «Қазақстан» ұлттық теннис орталығында өтпек. Кездесу билеттері сатылып кетті. Тек  100 теңгенің билеттері ғана қалған.

Айта кету керек, бұл билеттерге ие болған адамдар Надаль және Тсонга ракеткалары ойнатылатын лотореяға қатысады.

Сайыс 19.00-де басталады.  

Фото: Vesti.kz

Хабарламаларға жазылу