Рафаэль Надаль Астанаға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рафаэль Надаль Астанаға келді

25.09.2014
Рафаэль Надаль Астанаға келді

Бүгін Астанада әлемге әйгілі теннисші Рафаэль Надаль мен француз спортшысы Жо-Вильфрид Тсонга арасында жолдастық кездесу өтеді.

Сонымен қатар, Надаль Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кортқа шығып, теннис ойнауы мүмкін.

Бұл туралы Назарбаев университетінде арнайы өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

 Әлемдік теннис жұлдыздарының қатысуымен өтетін бұл ойын еліміздегі теннис деңгейін арттыруды көздейді.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

 

Хабарламаларға жазылу