Павлодарда автобус аялдамалары тегін wi-fi-мен жабдықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда автобус аялдамалары тегін wi-fi-мен жабдықталды

23.09.2014
Павлодарда автобус аялдамалары тегін wi-fi-мен жабдықталды

Павлодарда қаланың орталығындағы екі аялдама тегін wi-fi-мен жабдықталды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тегін интернетті смартфон, планшетті компьютер, ноутбук иелері пайдалана алады. Сымсыз ғаламторға қосылуға мүмкіндік беретін аралық 20-25 метрді құрайды.

Енді көлік күткен қала тұрғындары файлдарды жүктеп, жаңалықтарды оқып, пошталарын қарап, әлеуметтік желілерде байланысқа шыға алады.

Сондай-ақ, аялдамаларға видеокамералар орнатылған.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу