Астанада жыл соңына дейін 200-ге жуық жаңа автобус сатып алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жыл соңына дейін 200-ге жуық жаңа автобус сатып алынады

04.09.2014
Астанада жыл соңына дейін 200-ге жуық жаңа автобус сатып алынады

Елордада қоғамдық көлікпен жүруді қауіпсіз әрі ыңғайлы ету үшін «Астана қаласының жаңа  көлік жүйесі» жобасы әзірленді. Жоба аясында «IVEKO BUS» франциялық компания шығарған 350 жаңа автобус сатып алу көзделген. Жолаушылар көлігінің бірінші бөлігі жыл соңына дейін жеткізіледі. Бірінші – 190 автобус, ал, 2015 жылдың бірінші жартысында 168 автобус әкелу жоспарланған. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлап отыр.

Жаңа автобустар жолаушылар тасымалы сапасын анағұрлым арттырып, қаланың экологиялық жағдайына оң әсерін тигізетін болады. Қызмет қосымшаларының толық жиынтығымен жабдықталған, бүгінгі заман талаптарына сай, көліктер Астананың қысына бейімделген. Сондай-ақ, автобус едені төмен, бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кіріп-шығуына мүмкіндік береді. Автобустар бейнебақылау, жолаушыларды санау, WI-FI, валидатормен және жолаушыларды ақпараттандыру жүйесі құрылғыларымен жабдықталған.

 

Хабарламаларға жазылу