Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам – WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы. Яғни, орташа жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі.
Ол – әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамында Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, 2007 жылы Чикагода өткен Әлем чемпионатының және 2006 жылы өткен Азия ойындарының қола жүлдегері. Қытайдың 10 дүркін чемпионы.
Кәсіби рингте 69,85 келі салмақта жұдырықтасатын Қанат Ислам 18 жекпе-жек өткізген.
Қазақстандық боксшы соңғы кездесуін 8-тамыз күні колумбиялық Фидель Монтерроса Муньоспен өткізіп, жеңіске жетті. Бұл - оның мерзімінен бұрын аяқтаған 15-ші жекпе-жегі.
Қазақ боксшысының алда қандай жоспары бар? Ендігі мақсат не? Ертең «Таңшолпанды» көріңіз.
Таңғы бағдарлама уақыты – 07.00-10.00 аралығы.
Фото: Берік Сұлтан