Қазақстанның Халық әртісі Қайрат Байбосынов ертең «Таңшолпанға» сұхбат береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Халық әртісі Қайрат Байбосынов ертең «Таңшолпанға» сұхбат береді

13.04.2016
Қазақстанның Халық әртісі Қайрат Байбосынов ертең «Таңшолпанға» сұхбат береді

19 сәуір, сағат 19:00-де Қазақ Ұлттық өнер университетінің Ж.Жабаев атындағы концерттік залында  ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Байбосыновтың «Сыр сандық» атты антологиялық жинағының тұсаукесері өтеді. Осыған орай, әнші  ертең «Таңшолпанға» сұхбат береді.

Сонымен қатар, Алматы студиясында әнші Ақылбек Жеменеймен әңгіме өрбімек.

Шахматтан Ұлттық құрама мүшесі Шолпан Жылқайдарова, ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаментінің сарапшысы Сағынтай Жұмажанов та ертеңгі бағдарламаға қатысады.

Бұдан бөлек, ойыншықтың бала психологиясына әсері, этнобизнес түрлері, Чехияда оқитын қазақ студенттерінің өмірі туралы қызықты сюжеттерді 07:00-10:00 аралығында Ұлттық арнадан көре аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу