Қазақстандықтар қажылыққа аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар қажылыққа аттанды

22.09.2014
Қазақстандықтар қажылыққа аттанды

Алматы орталық мешітінде 20-21 қыркүйекте Қазақстанның «Әл-маруа» және «Хикмет-Тревел» туристік компаниясы» туристік компаниялары мен қажылығын өтейтіндердің қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды muftyat.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің өкілі Е.Оңғаров мырза және қаланың Бас имамы Есмағанбет Нұрбек қажы қажылықты өтеушілерге киелі құлшылықтың маңызы туралы уағыз айтып, сәт-сапар тілеп, шығарып салды. Сондай-ақ, қажылықтың керек-жарақтары табыс етілді.

Айта кетелік, «Әл-маруа» компаниясымен қажылық өтейтіндер сапарға аттанып үлгерді, ал «Хикмет-Тревел» туристік компаниясы 25 қыркүйек күні аттандырады деп күтілуде.

Хабарламаларға жазылу