Жалған визамен қажылыққа барып, қамауға алынған қазақстандықтар босатылды – СІМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалған визамен қажылыққа барып, қамауға алынған қазақстандықтар босатылды – СІМ

04.07.2023

Жалған визамен қажылыққа барып, Сауд Арабиясында қамауға алынған 300-ден астам қазақстандық босатылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Ұсталған отандастарымыздың барлығында қажылыққа жарамайтын туристік виза болған. Бас консул өз қызметкерлерімен бірге дереу полиция бөліміне барып, оларды босатып, қонақ үйге орналастыруға көмектескен. Сыртқы істер министрлігі жалған визамен барғандардың орналасу жерін бақылау мүмкін емес екенін айтады. «Қамаудан босатылғаннан кейін 100-ден астамы өз бетінше кетіп қалған», - деді Айбек Смадияров.


Хабарламаларға жазылу