Астана халқының саны өткен жылмен салыстырғанда 10,5 пайызға өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана халқының саны өткен жылмен салыстырғанда 10,5 пайызға өскен

22.09.2014
Астана халқының саны өткен жылмен салыстырғанда 10,5 пайызға өскен

Астана қаласындағы халықтың саны ағымдағы есеп бойынша 2014 жылғы 1 тамызда 838394 адамды құрады. Бұл туралы Астана қаласының департаменті хабарлады.

Оның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 8218 адамға, «Есіл» ауданы бойынша  -  7439 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша - 8302 адамға көбейген.

2014 жылғы қаңтар-шілдеде халықтың табиғи өсімі - 11743 адамды, көші-қон өсімі - 12216 адамды құраған.

2014 жылғы қаңтар-шілдеде жалпы Астана қаласы бойынша 13823 туылғандар тіркелсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4 пайызға артық.

Сондай-ақ, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 10,5 пайызға көтерілді.

2014 жылғы қаңтар-шілдедегі АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға, ажырасулар саны 9,3 пайызға өсті, деп жазады strategy2050.kz.

Хабарламаларға жазылу