Медет Салықов: «Сөндіре алмайсың» - өрт сөндірушілерге арналған алғашқы ән - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медет Салықов: «Сөндіре алмайсың» - өрт сөндірушілерге арналған алғашқы ән

17.04.2015
Медет Салықов: «Сөндіре алмайсың» - өрт сөндірушілерге арналған алғашқы ән

Әншілер Медет Салықов пен Әсем Омарова бүгін «Таңшолпанда» қонақта болып, шығармашылықтарындағы жаңалықтарымен бөлісті.  Әсем Омарованың әндері көбіне патриоттық тақырыпты қамтиды. Ал, бүгін Қазақстан Республикасының өртке қарсы қызмет күні. 

Осыған байланысты әнші: «Бүгінгі атаулы күнге орай, өрт сөндіру қызметі мамандарына арналған «Сөндіре алмайсың» деген жаңа ән жаздық. Ән авторы – Медет Салықов, сөзі – Жанжігіт Омархандыкі. Бұл жалпы,  өрт сөндірушілерге арналған алғашқы ән»,-дейді.

«Өрт сөндірушілер – тың тақырып. Жұрт көбіне бұл азаматтардың жұмысының қиындығын, қауіптілігін елей бермейді. Бірде өрт оқиғасына куә болған кезім бар. Өрт сөндірушілер лапылдап жатқан от, қара түтіннің ішіне қойып кетті.  Сондағы азаматтардың жүректілігіне тәнті болдым. Алайда, бұл  ойнақы әзілге құрылған жеңіл ән»,-дейді Медет Салықов.

Хабарламаларға жазылу