«Аламан» тобы саятшылыққа жиі шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аламан» тобы саятшылыққа жиі шығады

26.03.2015
«Аламан» тобы саятшылыққа жиі шығады

«Аламан» тобы халқымыздың саятшылық өнерін биік ұстайды. «Қолымыз бос кезде бүркітпен анда-санда, ал тазымен жиі аңға шығамыз.  Табиғатпен тыныстап келгеннен кейін шабыт оянып, жақсы дүниелер туады»,-дейді топ мүшесі Аллажар Қайбар.

Медет Салықов: «Біз тәлім-тәрбие алған өнер  халық әндері болса, ол әндер осы табиғаттың сұлулығымен, әсерімен дүниеге келеді. Бір-екі патриоттық ән жазып қойдық. Алдағы уақытта халыққа ұсынамыз».

Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін табиғат аясында шарықтатқан топ мүшелері келешекте шығармашылық кеш өткізу жоспарда бар екенін айтады.

Хабарламаларға жазылу