«Астана Опера» театрында жаңа маусым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» театрында жаңа маусым

22.09.2014
«Астана Опера» театрында жаңа маусым

Астанадағы «Астана Опера» театрында халықаралық «Жібек жолы» фестивалі өтуде. 17 қыркүйек пен 6 қазан аралығында театр сахнасында Италия, Франция, Қытай және отандық жұлдыздар өнер көрсетеді. Сондай-ақ, көрермендер 23 қыркүйек күні Арам Хачатурянның «Спартак» балетін тамашалайтын болады.

Жазғы демалыстан соң «Астана Опера» театрының жұмысы қайта жанданды. Театр ұжымы «Ромео мен Джульетта» балетінің дайындығын бастап кетті.

«Ромео мен Джульетта» балетінің декорациясын құру үшін 9,5 сағат қажет. Бұл жұмысқа 30 адам жұмылдырылады. Ал біз биімізді дайындаймыз. Жетіспей тұрған тұстарын қосамыз. Жұмыс көп»,-дейді «Астана Опера» театрының балет бойынша көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Нұрғалиев.

Сержан Кәуіков - театрдың белді балетмейстерлерінің бірі. Жазғы демалыстан соң театр ұжымымен сағынысып қауышқан әртіс «жаңа маусымға үлкен шабытпен кірістім», -дейді.

Ол франциялық хореограф Шарль Жюд қойған «Ромео мен Джульетта» балетінде басты партиялардың бірін орындайды.

«Бұл – «Ромео мен Джульеттадағы»  ең маңызды рөлдердің бірі Тибальт. Джульеттаның ағасы.  Тибальт – жарық рөлдердің бірі.  Менің ең алғашқы жағымсыз рөлім. Өзіме бұл рөл қатты ұнайды», - дейді әртіс.

Балеттің дайындығы турасында толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу