Тікелей эфирде - «Куинз Парк Рейнджерес» пен «Сток Сити» ойыны - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тікелей эфирде - «Куинз Парк Рейнджерес» пен «Сток Сити» ойыны

19.09.2014
Тікелей эфирде - «Куинз Парк Рейнджерес» пен «Сток Сити» ойыны

Ертең Англия премьер-лигасының 5-ші тур аясындағы ойындары басталады. Алғашқы ойында «Куинз Парк Рейнджерес» пен «Сток Сити» арасында өтеді.

Өткен турда «Куинз Парк Рейнджерес» клубы «Манчестер Юнайтед» клубынан 4:0 есебімен ұтылған болатын. Турнир кестесінде үш ұпаймен 16-шы орында келеді. 

«Сток Сити» клубы да өткен турда «Лестер Ситидан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Марк Хьюз шәкірттері төрт ұпаймен турнир кестесінің 13-ші сатысына орналасқан.

Еске сала кетейік, бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сенбі, 20-шы қыркүйек, Астана уақытымен 17:45-те тікелей эфирден көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу