Ролан-Гарос және Австралия ашық чемпионатының жеңімпазы - 32 жастағы қытайлық теннисші Ли На спорттық мансабын аяқтамақ.
Спортшы бұл туралы қытайлық Weibo әлеуметтік желісінде жариялады. Теннисші жарақатына байланысты жарыстарға қатыса алмайтынын айтқан.
Қытай теннис қауымдастығы Ли Наға спорттағы жарқын сәттері үшін алғыс білдірді.