Роналдиньо спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роналдиньо спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты

08.09.2016
Роналдиньо спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Бразилиялық танымал футболшы, «Барселона» мен «Милан» командаларының бұрынғы жартылай қорғаушысы Роналдиньо өзінің спорттық мансабын 2017 жылы аяқтайтынын мәлімдеді.

36 жастағы футболшының айтуынша, ол тағы бір жыл ойнауға дайын.  Ал,  содан соң музыкамен байланысты жобалармен айналысуды жоспарлап отыр.

«Жасым 36-ға келді, қартайдым. 26-дағы кезімдей өзімді мықты сезінбеймін. Спортттық мансабымның соңын қалай есте қаларлықтай етуге болатынын ойлаумен жүрмін. Әзірге тағы бір жыл өнер көрсетуді жоспарлап отырмын. Қазірдің өзінде музыка және футболмен байланысты жобаларға кірісіп кеттім», - деді атақты футболшы.

Айта кетсек, Роналдиньо 2002 жылы Бразилия құрамасы сапында әлем чемпионы атанды.
 

Хабарламаларға жазылу