ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен Еуразиялық топ ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен Еуразиялық топ ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады

18.09.2014
ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен Еуразиялық топ ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясының төраға Әбілғазы Құсайынов және Еуразиялық топтың Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Федерация төрағасы жиын барысында 2,5 жыл талқылаудан өтіп, кәсіподақтарға жаңа мүмкіндік бертін, сондай-ақ, жұмыскер мен жұмыс беруші арасында әлеуметтік диалог құруға көмектесетін ҚР жаңа «Кәсіп одақтар туралы» Заң қабылданғанын атап өтті.

Еуразиялық топ – 70 мың жұмыскері бар, минералды ресурстарды өндіріп, өңдеудегі әлем бойынша жетекші топтардың бірі. Төраға осы меморандум әлеуметтік-еңбек саласында ынтымақтастыққа жаңа бағыт беретінін айтты. Сонымен қатар, аталған шара Қазақстанда алғаш рет Еңбек күні қарсаңында өткізіліп отырғаны да маңызды екенін атап өтті.

Меморандум аясында жұмыспен қамтуды арттыру, кәсіпорындардағы еңбекті қорғау, сонымен қатар, кәсіпорындардағы қызметкерлерге Қазақстанның Еңбек заңнамасы туралы білім беруді ұйымдастыру бойынша кешенді іс-шаралар әзірлеу жоспарлануда.

Хабарламаларға жазылу