Еңбек елдің еңсесін көтереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек елдің еңсесін көтереді

01.04.2014
Еңбек елдің еңсесін көтереді
Елбасы Жолдауында көрсетілген мақсат-міндеттер, болашақтың бағдары, өскелең ұрпақтың басты ұстанымы болмақ. Құжаттағы негізгі ережелерді түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобы бір топ астаналықпен кездесті.
 
Осы құндылықтарды баянды етудің бағыттарын талқылады. Тұрғындардың ұсыныс, ойларын тыңдады. Қарапайым халықтың пікірінше, ең алдымен еңбек адамына деген құрмет жоғары болуы тиіс. Сонда ғана қоғам алға жылжиды. Тек, еңбек қана мәңгілік елдің іргесін мығым етеді.
 
Сәрсенбай Мыңбаев, ҚР Кәсіподақтар кеңесі төрағасының орынбасары:
Кәсіподақ еңбек адамы мен жұмыс берушінің арасындағы дәнекер. Сол мықты болса, қоғам алға жылжиды. Қазір ең басты мәселе - еңбек даулары. Еңбек дауларында осы дауды шешудегі кәсіподақтың рөлі жаңа заңда жақсы көрсетіліп отыр.
 
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу