Қазақ радиосынан «Абай жолын» тыңдаңыз
Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын 15 жыл бойы жазған. Оның «Абай» деп аталған бірінші кітабы 1942 жылы, екіншісі 1947 жылы жарық көрді. Орыс тілінде аударылған «Абай» романының екі кітабы 1949 жылы бірінші дәрежелі КСРО Мемлекеттік сыйлығына, төрт кітаппен біткен эпопея 1959 жылы Ленин сыйлығына ие болды.
Ол дүниежүзі халықтарының 30 тіліне аударылып, оқырмандардың жоғары бағасын алды. Төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясының ең соңғы басылымы Қазақ радиосында тұңғыш рет аудио дискіге жазылып, эфирге берілді. Бүгін Қазақ радиосының әуе толқынынан сағат 00:10-да «Абай жолы» романын тыңдай аласыздар.
Айта кетейік, жоба жетекшісі – Махат Садық. Мәтінін оқыған – Аманжан Еңсебайұлы. Әуенмен әрлеген – Советхан Қоңырбаев. Қапы қалмаңыздар!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана Опера» театрында Вердидің «Травиатасы» сахналанды
06.04.2026, 13:08
Тараздықтар 10 мың түп ағаш екті
06.04.2026, 13:07
58 мың Hyundai Palisade кері қайтарылды
06.04.2026, 13:06
Трамп Иранның электр станциялары мен көпірлерін қиратпақшы
06.04.2026, 13:05
Ақтаудан жер сілкінеді деген ақпарат жалған
06.04.2026, 13:04
Жол апатына ұшыраған жұмысшылардың халі орташа
06.04.2026, 13:03
Атырауда 7 жастағы оқушыны көлік қағып кетті
06.04.2026, 13:02
Алматы облысында үй тонайтын біренше топ ұсталды
06.04.2026, 13:01