Баянауылға шетелден кәсіби оқытушылар шақырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баянауылға шетелден кәсіби оқытушылар шақырылды

18.09.2014
Баянауылға шетелден кәсіби оқытушылар шақырылды

Баянауыл ауылының «Жас дәурен» балалар сауықтыру орталығында түрлі мамандықтар бойынша «Музыкалық шеберлік мектебі» атауымен халықаралық шеберлік сыныбы өтуде. Аталмыш шара Павлодар облысында алғаш рет өткізілуде, деп хабарлайды облыстық Білім беру басқармасына сілтеме жасап pavlodarnews.kz.

Халықаралық шеберлік сыныптың мақсаты - Қазақстанды халықаралық деңгейде әлемге таныту, музыканттардың орындаушылық деңгейін арттыру және жаңа шығармашыл тұлғаларды іздеу, түрлі мәдени байланысты нығайту, шеберлік сыныптары қатысушыларының кәсіби қарым-қатынастары үшін шығармашылық атмосфера жасау, тәжірибе және репертуар алмасу, жаңа есімдер мен таланттарды ашу. Оны өткізу үшін әлемнің әр елінен Дурново Евгений (скрипка), П. И. Чайковский атындағы ММК профессоры, Мұсахаджаева Раиса (скрипка), ҚАЗҰӨУ профессоры, Молдакәрімова Ғалия, ҚАЗҰӨУ қобыз және баян кафедрасының профессоры, Кәрімов Негметулла (альт, виолончель), ҚАЗҰӨУ профессоры, Сұлтанов Дамир (баян), ҚАЗҰӨУ доцент, Виорика Радои (фортепиано), Бухарестск консерваториясының профессоры, Абилов Шахимардан, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерватория профессоры, Ысқақов Біләл (домбыра), Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерватория профессоры сияқты жоғары білікті кәсіби оқытушылар шақырылды.

«Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернаты» кешенінен, Майқайың балалар өнер мектебі, Екібастұз қаласы Глинки атындағы музыка мектебі, Железин ауданы музыка мектебі мен Жаяу Мұса атындағы Баянауыл мектебінен 110 оқушы мен 24 педагог халықаралық шеберлік сыныбында білім алуда. Есептік гала-концерт 2014 жылдың 23 қыркүйек күні өтеді.

Хабарламаларға жазылу