Елбасы Қазақ Ұлттық хореография академиясының ректоры, «Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованы қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Қазақ Ұлттық хореография академиясының ректоры, «Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованы қабылдады

29.08.2016
Елбасы Қазақ Ұлттық хореография академиясының ректоры, «Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованы қабылдады

Мемлекет басшысы А.Асылмұратованы жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, табыс тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев академияның Орталық Азиядағы көп деңгейлі кәсіби және хореографиялық білім беретін толық циклды алғашқы жоғары оқу орны екендігіне тоқталды, деп хабарлады ҚР Президентінің ресми сайты.

– Бұл нысан барлық талапқа сай келетін жоба бойынша салынды. Атап айтқанда, оқу корпустары, оқытушылар мен оқушылар үшін тұрғын үй кешендері салынды, демалыс үшін жағдайлар жасалды, медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылуда. Академия ЭКСПО көрмесінің Халықаралық қаржы орталығы орналасатын аймағына таяу жерден орын тепкен, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы балалар мен жастарды шығармашылыққа және өнерге сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу қоғамның басты міндетінің бірі болып саналатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі көптеген хореографиялық, музыкалық мектептер мен шығармашылық ұжымдар біліктілігі жоғары мамандарға мұқтаж болып отырғанына назар аударды.

Хабарламаларға жазылу