Facebook компаниясы 5 млрд доллар айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Facebook компаниясы 5 млрд доллар айыппұл төлейді

25.07.2019

Facebook компаниясы АҚШ тарихындағы рекордтық 5 миллиард доллар айыппұл төлейтін болды. Оған желі қолданушыларының құпия мәліметтерін таратты деген айып тағылып отыр. Нақтырақ айтсақ, Facebook 50 миллион пайдаланушының жеке деректерін британиялық Cambridge Analytica меншік компаниясына берген. Осы факті әшкереленгеннен кейін Facebook-ке құпия ақпаратты сақтау шараларын күшейту міндеті жүктелді.

Компанияның бас директоры Марк Цукерберг айыппұлды төлеуге келісіп отыр. Ол осы жанжалдан кейін Facebook-тің жұмысына бірқатар өзгеріс енгізіп, іс жүргізу саясатын қайта қарастыруға уәде берген.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу