«Ұлы сұлулық» фильмі «Оскар» сыйлығын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы сұлулық» фильмі «Оскар» сыйлығын иеленді

03.03.2014
«Ұлы сұлулық» фильмі «Оскар» сыйлығын иеленді
 
 
Италиялық «Ұлы сұлулық» фильмі «Шетел тіліндегі үздік фильм» аталымы бойынша АҚШ киноакадемиясының «Оскар» сыйлығын алды, деп хабарлады шетелдік БАҚ. Режиссер Паоло Соррентиноның бұл туындысымен бірге  кино саласындағы аталмыш мәртебелі сыйлыққа Палестина, Камбоджа, Бельгия және Дания елдері түсірген фильмдер ұсынылған еді.
 
Айта кетейік, «Құлдықта өткен 12 жыл» фильміне түскен актриса Люпита Нионго екінші пландағы үздік әйел рөлі үшін «Оскар» сыйлығын иеленсе, «Сатып алушылардың далластық клубы» фильміне түскен Джаред Лето екінші рөлдегі үздік актер атанған.
 
Американың ұлттық «Оскар» кино сыйлығын табыс етуге арналған 86-шы салтанатты шара Лос-Анджелестегі  «Dolby Theatre» кинотеатрында өтуде.

Хабарламаларға жазылу