«Оскар» киножүлдесінің үміткерлеріне дауыс беру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Оскар» киножүлдесінің үміткерлеріне дауыс беру басталды

01.01.2015
«Оскар» киножүлдесінің үміткерлеріне дауыс беру басталды

АҚШ киноөнер академиясының өкілдері 2014 жылдың қорытындысы бойынша «Оскар» киножүлдесінің үміткерлеріне дауыс беруді бастады.

Үміткерлерді анықтауға Уилл Смит, Кира Найтли, режиссер Квентин Тарантино және музыкант Элтон Джон сынды өнер адамдарынан құралған қазылар алқасы қатысады. Ал, электронды бюллетень арқылы берілген дауыс санын PricewaterhouseCoopers фирмасы есептейтін болады.

Айта кетейік, үміткерлердің есімі 15 қаңтарда белгілі болмақ. Ал, «Оскар» сыйлығын салтанатты марапаттау рәсімі 22 ақпанда өтеді. 

Хабарламаларға жазылу