Канадалық компания Көкшетауда жылу-электр орталығын салмақ ниетте - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадалық компания Көкшетауда жылу-электр орталығын салмақ ниетте

18.09.2014
Канадалық компания Көкшетауда жылу-электр орталығын салмақ ниетте

Канаданың «ALL ENERGY LTD»\ Israel» компаниясы Көкшетауда ЖЭО құрылысын жүргізуге ниет танытып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Сергей Кулагин мен «ALL ENERGY LTD»\ Israel» компаниясының қаржы директоры Амиель Валерий арасында өткен кездесуде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген мәжілісте Көкшетау қаласында салынатын жаңа жылу-электр орталығының жобасы талқыланып, техникалық және экологиялық мүмкіндіктері сарапқа салынды.

Ең алдымен, мәжіліске қатысушыларға «ALL ENERGY LTD»\ Israel» компаниясының өкілдері облыс орталығында бүгінгі таңда экономикалық жағынан тиімді болатын ең арзан отын көзін қолданатын бу қазандықтарын салу қажеттігін ұсынды.

Компания басшысы Амиель Валерийдің айтуынша, ЖЭО салынған кезде өңірдегі жылу энергиясына деген тапшылықты жоюға болады. Жаңа ЖЭО 180 МВт электр және 450 Гкал/ч жылу қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Меймандар өздерінің осы аталған ЖЭО құрылысын жүргізуге ықылас танытып отырғанын жеткізіп, екіжақты меморандум жасауға шақырды.

Хабарламаларға жазылу