Басты Жаңалықтар Трамп Иранмен бейбіт келісім жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді

Трамп Иранмен бейбіт келісім жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді

БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы аясында АҚШ және Иран делегаттары кездескен. АҚШ президенті Дональд Трамп осылай деп мәлімдеді. Үш сағатқа созылған келіссөз араағайындардың қатысуымен өткен. Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффтың әлеуметтік желідегі жазбасына сай, Иран делегаттарымен кездесу сәтті аяқталған. Трамп АҚШ-та қарашаның 3-дегі аралық сайлаудан соң бейбіт келісім жасалуы мүмкін екенін де айтты.  

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

Олар өте жақсы кездесу өткізді. Енді нәтижесін күтеміз. Келісімге келу олар үшін тиімді. Екі жол бар екенін бұған дейін де айттым. Біреуі нашар жағдайға әкелсе, екіншісі жақсылыққа жол ашады. Олар екінші жолды таңдағысы келеді деп ойлаймын.
Бөлісу