Қазақстанда AI MONTH 2026 басталады
Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында 23 қыркүйектен бастап жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға арналған AI MONTH 2026 шарасы басталады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады.
Бағдарлама технологиялық қауымдастықты, бизнесті, білім беру саласын, стартаптарды, халықаралық сарапшылар мен өңірлік бастамаларды бір алаңға біріктіреді.
AI MONTH-тың басты оқиғасы - 1-3 қазан күндері Астанада өтетін AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы. Іс-шара аясында жасанды интеллект, технологиялық кәсіпкерлік, инвестиция, адами капитал және цифрлық экономиканың жаңа мүмкіндіктері талқыланады.
Биыл AI Week форматы AI MONTH болып өзгерді. Жаңа формат жасанды интеллект саласындағы бастамаларды бір бағдарламаға біріктіріп, Қазақстанның AI экожүйесін ел көлемінде таныстыруға бағытталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы