Қазақстан делегациясы БҰҰ 81-сессиясына қатысып жатыр
Қазақстан делегациясы Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясындағы жоғары деңгейдегі апталыққа қатысып жатыр. Делегацияны Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастап барды. Қазақстан өкілі жалпы саяси пікірталаста халықаралық қауіпсіздік, орнықты даму, ядролық қарусыздану, су және экологиялық қауіпсіздік, адам құқықтары, цифрландыру, сондай-ақ жасанды интеллект мәселелеріне қатысты ұстанымын білдірді. Кездесу барысында Біріккен ұлттар ұйымының басшылығымен, халықаралық ұйымдар өкілдерімен және бірқатар мемлекеттің сыртқы істер министрлерімен екіжақты келіссөздер өткізу жоспарланған. Қазақстан сондай-ақ Ислам ынтымақтастығы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы кездесулерге қатысады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы