Голливуд киножұлдызы Леонардо Ди Каприо БҰҰ-ның климат мәселелеріне байланысты әлемдік елшісі атанды. Бұл туралы БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун мәлімдеді. Бас хатшының сөзінше, актер 23 қыркүйекте климаттың өзгеруіне қатысты өтетін саммитке шақырылған.
«Ди Каприо қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне келгенде ерекше көзге түсетін тұлға»,-дейді Бас хатшы.
Ал, Леонардо Ди Каприо өз кезегінде БҰҰ-ның әлемдік елшісі атану – ол үшін үлкен құрмет екенін жеткізді.
«Мен адамзат тарихындағы өзіме жүктелген үлкен жауапкершілікті сезінемін. Біздің қоршаған ортаға деген қарым-қатынасымыздан біздің планетамыздың және жалпы адамзаттың тағдыры тәуелді», - дейді актер.
Айта кету керек, 1998 жылы Ди Каприо өзінің атындағы табиғатты қорғау қорын ашқан.
Сурет: © EPA/Franck Robichon