Сарапшы: Жастардың белсенділігі жоғары
Әзербайжандық сарапшы да саяси науқанға қатысты пікір білдірді. Ол әсіресе жастардың белсенділігін атап өтті. Саясаттанушы Ризван Гусейновтың пікірінше жастар – елдің болашағын айқындайтын буын.
Ризван Гусейнов, Әзербайжан ұлттық ғылым академиясы құқық және адам құқықтары институтының аға ғылыми қызметкері:
Жақында ғана Қазақстанда, Астанада болдым. Референдумға дайындыққа арналған бірнеше іс-шараға қатыстым. Қазіргі күрделі аймақтық әрі жаһандық саяси жағдайда Қазақстан үшін мемлекеттік басқару жүйесін нығайту өте маңызды деп есептеймін. Өйткені бүгінгі күні жаңа сын-қатерлер пайда болып жатыр. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері шамамен 35 жыл ішінде үлкен тарихи жолдан өтті. Сондықтан заң шығарушы және атқарушы билік жүйесін, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың басқа да тетіктерін жаңғырту – табиғи әрі заңды процесс. Жастардың белсенділігі өте жоғары екенін байқадым. Олар елдің болашағын айқындайтын буын. Сондықтан олардың саяси белсенділігі артқан сайын, қабылданатын заңнамалық өзгерістер де жастардың мүддесін көбірек ескереді.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06