Басты Жаңалықтар Exit poll нәтижелері жарияланды

Exit poll нәтижелері жарияланды

Еуразиялық интеграция институты жүргізген Exit poll нәтижелері жарияланды. Респонденттердің 86,7%-ы «Жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба?» деген сұраққа «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген. Сауалнама 200 референдум учаскесін қамтыған. «Социс-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты да сауалнама нәтижелерін жариялады. Оған сәйкес, азаматтардың 87,4 пайызы Конституцияны қабылдауды қолдайтынын білдірген. Референдум учаскелеріне келу деңгейі, яғни белсенділік 73,8% болды деген болжам бар. Ал  «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген Exit poll нәтижелеріне сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 88,6%-ы жаңа Конституцияны қабылдауды қолдап, «иә» деп дауыс бергенін айтқан. Зерттеу барысында ел бойынша 200 учаске қамтылды. Ал сайлаушылардың белсенділігі 72,1% деңгейінде болды деп болжанып отыр.


 


Бөлісу