Референдум әлемдік БАҚ назарында
Әлемдік БАҚ елімізде өткен референдум туралы жазып жатыр. Солардың қатарында әлемге әйгілі «Рейтер» агенттігі де бар. Оның ресми сайтында жарияланған мақала «Exit-poll-ға сай, қазақстандықтар референдумда жаңа Конституцияны қолдады» деп аталады. Мақалада дауыс берушілердің 87 пайызы жаңа конституцияны қолдап, дауыс бергені атап өтілген. Сонымен бірге референдумға қатысу көрсеткіші 73 пайыздан асқаны да назардан тыс қалған жоқ.
![]()
CTGN: Қытайдың халықаралық деңгейде хабар тарататын жаңалықтар телеарнасы да
елімізде өткен маңызды шара жайлы ақпарат берді. Қазақстанда өткен
республикалық референдумда дауыс берушілердің басым көбі конституцияға
түзетулерді қолдады делінген. Бұған қоса, елімізде, шетелде ашылған дауыс беру
учаскелерінің саны, референдумның уақыты жайлы да біраз мағлұмат айтылды. Автор
ресми нәтиже Орталық Референдум Комиссиясы дауыстарды санап біткеннен кейін
жария болатынын да атап өткен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы