Анчелотти: «Реалға» ойын барысында жіберген қателіктерді әлі де дұрыстау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анчелотти: «Реалға» ойын барысында жіберген қателіктерді әлі де дұрыстау қажет

17.09.2014
Анчелотти: «Реалға» ойын барысында жіберген қателіктерді әлі де дұрыстау қажет

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде мадриттік «Реал» «Базель» командасын 5:1 есебімен ойсырата ұтты.

Бұл кездесуде «Реал» еурокубоктағы гол саны бойынша рекорд орнатты. Мадрид футболшылары Еуропаның барлық турниріндегі 1000-шы голды соқты. «Реал» - бұл нәтижеге қол жеткізген әлемдегі бірінші клуб. Гол авторы – команда шабуылшысы Карим Бензема.

«Команда жеңісіне дән ризамын. Ойынның алғашқы жартысында біз көп гол соғып, жақсы нәтижелер көрсеттік. Алайда, бұл матчта жіберген қателіктерді әлі де дұрыстау қажет. Шешілмеген мәселелер де бар. Келесі ойындарда үздік нәтиже көрсету үшін, көп жұмыс істеу керек», - дейді «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти.

Хабарламаларға жазылу