Қарағанды облысында қар жаууы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында қар жаууы мүмкін

16.09.2014
Қарағанды облысында қар жаууы мүмкін

19-20 қыркүйек күндері Қарағанды облысы аумағында жаңбыр соңы қарға ұласып, сынап бағанасы 6 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Синоптиктердің болжамынша, 17-19 қыркүйек күндері солтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кей жерде 28 метрге дейін жетуі ықтимал.

«19-20 қыркүйекте жер-жерлерде жауын-шашын болып,  ауа температурасы түнде 1-6 градус суықтықты көрсетеді. Облыстың оңтүстігінде 0-5 градус жылы болса, күндіз 5-10 градус жылылықты көрсетеді. Ал облыстың солтүстік аймақтарында 0-6 аяз болуы мүмкін», делінген ескерту хабарламасында.

Хабарламаларға жазылу