Финляндия азаматы Eurojackpot лотереясының 61,2 млн. еуро жүлдесін ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Финляндия азаматы Eurojackpot лотереясының 61,2 млн. еуро жүлдесін ұтып алды

14.09.2014
Финляндия азаматы Eurojackpot лотереясының 61,2 млн. еуро жүлдесін ұтып алды

Финляндияның  Эспоо қаласының тұрғыны Eurojackpot еуропалық лотереясының  61,2 млн. еуро мөлшеріндегі рекордтық жүлдесінің иесі атанды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Бұл туралы  Veikkaus мемлекеттік лотерея компаниясының мәлімдемесіне сілтеме жасап финдік "Yle" телерадиокорпорациясы хабарлаған.

Финн ұтыс билетін интернет арқылы сатып алған. Телерадиокорпорацияның атап өтуінше, ұтысын алу үшін оның Veikkaus кеңсесіне келуінің қажеті жоқ, барлық сома оның есепшотына аударылады.

Лотереяның 137 мың доллар тұратын екінші жүлдесі де Финляндияға кетті. Бұл - финляндықтар ұтқан төртінші ұтыс. Алғашқы рет олар 2013 жылғы қаңтарда 29 миллион еуро көлеміндегі еуропалық лотереяның джекпотын иеленген.

Eurojackpot  алғашқы тиражы 2012 жылғы көктемде болды. Осы лотереяның ұтыс тиражына Финляндиядан басқа тағы 13 еуропалық мемлекет қатысады.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу