Лос-Анджелесте «Оскар» киножүлдесін табыстаушылар жеңімпаздарды шатастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лос-Анджелесте «Оскар» киножүлдесін табыстаушылар жеңімпаздарды шатастырды

27.02.2017
Биыл басты «Оскар» жүлдесін «Ай сәулесі» картинасы ұтып алды. Алайда, көпшілік үшін бұл күтпеген сәт. Себебі, алдымен «Ла-Ла-Лэнд» фильмі жеңімпаз деп жарияланған еді. Кейін жүлдені табыстаушы Голливуд жұлдыздары Уоррен Битти мен Фэй Данауэй шатасып кеткендерін айтып, нағыз жеңіпаздарды сахнаға шақырды. Мұндай олқылық «Оскар» жүлдесімен марапаттау рәсімінде алғаш рет болып отыр.


Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу