«Астана» радиосы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап үш тілде CD-дискіде ертегілер жинағын шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» радиосы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап үш тілде CD-дискіде ертегілер жинағын шығарды

11.09.2014
«Астана» радиосы мүмкіндігі шектеулі  балаларға арнап үш тілде CD-дискіде ертегілер жинағын шығарды

12 қыркүйек күні «Астана» радиосы Астанадағы «Алтын бесік» мамандандырылған балабақшасының тәрбиеленушілеріне арнап «Отбасы күні» қайырымдылық акциясын ұйымдастырады.

Акция барысында «Республикалық оқушылар сарайының» жас өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар табысталады.

Айта кету керек, мүгедек жандарға және аз қамтылған отбасылардың балаларына қол ұшын беріп, қайырымдылық таныту – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіретін «Астана» радиосында дәстүрге айналған үрдіс.

Радио ұжымы 15 жылдық мерейтойына орай, мүмкіндігі шектеулі  балаларға арнап «Ертегі тыңдап, әлемді таны» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Онда жанарынан айырылған балалар үшін арнайы 3 тілде оқылған ертегілер жинағы CD-дискіге басылып, 1,5 мың данамен еліміздегі мамандандырылған 22 мекеменің тәрбиеленушілеріне үлестірілді.

Осы дискілер қайырымдылық шарасы барысында «Алтын бесік» мамандандырылған балалар бақшасының тәрбиеленушілеріне де беріледі.

Хабарламаларға жазылу