Павлодар мектептері пандустармен толық қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар мектептері пандустармен толық қамтылады

23.10.2014
Павлодар мектептері пандустармен толық қамтылады

Керекудегі үш мектепке пандустар орнатылды. Енді қаладағы барлық мектеп те осындай пандустармен қамтыладын болады. Ол үшін бюджеттен 18 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Тимур Бағжанов хабарлады.

Қаладағы №16 мектеп-лицейіне де мүмкіндігі шектеулі балаларға ыңғайлы пандустар орнатылған.

«Мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы сабақтар өтеді. Олар психология, өзін-өзі тану пәндерін оқиды. Олар үшін мектепте барлық жағдай жасалған», - дейді мектеп директорының орынбасары Зейнегүл Нүрекенова

 

Сурет: inform.kz

Хабарламаларға жазылу