Петропавл тұрғыны мүгедектер мен қарттарға арнап велокат жасап шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл тұрғыны мүгедектер мен қарттарға арнап велокат жасап шығарды

29.08.2020

Петропавлдық 80 жастағы Валентин Бондарев мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап велокат жасап шығарды. Бұл - кəдімгі үш доңғалақты велосипед, тек педалі жоқ. Отырған адам велокатты өз күшімен қозғалтады, соның арқасында салмақ түсіп, бұлшық еттеріне жаттығу болады. Өнертапқыш бұл туындысын патенттеп қойған. Тек көптеп шығару үшін демеуші қажет деп отыр. Қазіргі күні ол велокаттардың барлығын үйде жасайды.

Валентин Бондарев, өнертапқыш:

- Велокат балаларға арналған 4 дөңгелекті машиналар үлгісінде жасалды. Құрастырып, ойымдағы деңгейге жеткізу үшін 1,5 жыл уақытым кетті. Дəнекерелу аппаратын, базар аралап жүріп керекті детальдарын сатып алдым. 3 доңғалақты, артында арнайы сатысы бар. Үйде де, түзде де, алға да, артқа да жүруге болады.

Сағындық Сәбитұлы

Хабарламаларға жазылу