Қазан театры Алматыда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазан театры Алматыда

11.09.2014
Қазан театры Алматыда

Қазақстанмен тығыз байланысты елдер аз емес. Татар халқының да бізбен жақындығы жан-жақты. Әсіресе, өнер мен мәдениеттегі тамырласқан маңызы айрықша. Осы елдің астанасы Қазан қаласының да жөні бөлек.

Хакім Абайдың шығармаларын өткен ғасырда түркітілдес шығыс халықтарына  танымал етуде Қазан қаласы ерекше рөл атқарғанын айтса да жеткілікті.  Осы Қазан қаласының өнер ордасы ұжымы жуырда Алматыға келді.

Ғалиасқар Камал атындағы татар  мемлекеттік академиялық театры елімізде алғаш 1964 жылы болып, қазақ көрермендеріне таңдаулы қойылдымдарын ұсынған өнер ұжымы содан бері 5 рет келіп кетіпті.  Гастрольдік сапармен соңғы рет 2007 жылы келген театр міне, тағы Алматыға ат басын бұрды.

«Гастрольдік сапарға шыққан әрбір өнер ұжымының мақсаты – өзінің кәсіби деңгейі мен өнердегі бағындырған белестерін көрсету  деп ойлаймын. Сондай-ақ, мұндай сапарлар әртістердің шыңдалуы үшінде зор мүмкіндік», - дейді  театр директоры Ильфар Якупов.

Өнер ордасының  қызықтары туралы «Таңшолпаннан» көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу