Басты Жаңалықтар Чемпиондар тартысының екінші күнінде «Астана арландары жеңіске жетті

Чемпиондар тартысының екінші күнінде «Астана арландары жеңіске жетті

Чемпиондар тартысының екінші күнінде «Астана арландары жеңіске жетті

Чемпиондар тартысының екінші күнінде «Астана арландары» «Сuba Domadores» командасын 3:2 есебімен ұтты.

Алғашқы жекпе-жекте Мирас Жақыпов (52 келі) Йосбани Вейтиадан 3:0 (48:47, 49:46, 49:46) есебімен басым түсті . Роман Щегринов (60 келі) Лазаро Альварес  Эстрададан 0:3  (44:50, 45:50, 45:50) есебімен ұтылып қалды.

Хрвое Сеп (81 келі) Хулио Сезар Ла Круздан айласын асыра алмады. Есеп — 0:3 (46:49, 46:49, 46:49). Ал,  Мадияр Әшкеев (69 келі) Лондон Олимпиадасының чемпионы Рониел Иглесиас Сотолонгоны 2:1 (47:48, 48:47, 49:46) есебімен жеңді.

 Аса ауыр салмақта Филип Хргович (+91 келі) Йоанди Тойрак Ортеганы нокаутқа түсірді.

Естеріңізге сала кетейік, кешегі жекпе жекте «Сuba Domadores» 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қорытынды есеп - 4:6.

Бөлісу