Алматыда өрт сөндіру-құтқару спорт түрінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық қыздар 4х100 метр эстафеталық сайыста қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәреге 65,52 секундта келген қазақстандық қыздар 3-ші орын алды. Команда құрамы – Камила Баранник, Наталья Герасименко, Александра Гулюкина, Марина Колотова.
Естеріңізге сала кетейік, өрт сөндіру-құтқару спорт түрінен өтіп жатқан чемпионатқа әлемнің 14 елінен 300-ге жуық спортшы қатысуда.