Қазақстандық спортшы семсерлесуден қола жүлдегер атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық спортшы семсерлесуден қола жүлдегер атанды

27.07.2023

Милан қаласында семсерлесуден өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық Руслан Курбанов қола жүлдегер атанды. Бұл осы спорт түрінен Қазақстан тарихындағы алғашқы медаль. Әлемдік рейтингте 16-орында тұрған спортшымыз Әлем біріншілігінде алдымен аустриялық Жозеф Махрингерді 15:14 есебімен жеңді. Содан кейін даниялық қарсыласын ұтып, әлемнің бес дүркін чемпионы франциялық Янник Борельді қапы қалдырды. Ширек фи

налда италиялық спортшыдан басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Чемпионатқа 155 спортшы қатысып жатыр. Жеңімпаздарға Париж олимпиадасына қатысу үшін ұпай беріледі. 


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу