Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлемдік додада үздік бестіктен көрінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлемдік додада үздік бестіктен көрінді

28.08.2023

Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медальды жеңіп алды. Спортшыларды Елорда әуежайында жақындары мен жанкүйерлері қошеметпен қарсы алды. Нұрлан Исатаев әлем чемпионы атанса, Сабина Юлдашева күміс жүлдеге, ал Оралбек Байзақ, Досбол Балғабай және Берікбол Жұманбеков қола жүлдеге ие болды. Осылайша Қазақстан құрамасы 64 елдің ішінде үздік бестіктен көрінді.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу