Шорт-тректен қыздар қола еншіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шорт-тректен қыздар қола еншіледі

06.11.2023

Шорт-тректен Қазақстан қыздар құрамасы төрт құрлық чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Канададағы турнирге Канада, АҚШ, Оңтүстік Корея мен Қытай, сондай-ақ, Жапония, Қазақстан және Аустралия сияқты мықты құрамалар қатысып жатыр. 3000 метрге эстафетада қыздарымыз мәре сызығын үшінші болып кесті. Белгіленген қашықтықты 4 минут 16 секундта бағындырды.

Бірінші орынды Канада құрамасы иеленсе, екінші сатыға Оңтүстік Корея спортшылары жайғасты. Бұл сында ел намысын Мадина Жанбосынова, Ольга Тихонова, Яна Хан, Малика Ермек және Алина Ажғалиева қорғады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу