Жас келсе де, бетінің әрі таймаған әйелдер бар. Олар – денсаулығына ерекше күтім жасап, кәрілікті де әдемі қарсы алуға болатынын дәлелдеген жандар.
Олардың қатарына Зағипа Балиева, Нұржамал Үсенбаева, Дарико Хасанғалиева, Майра Омарова секілді елге сыйлы аналарды қосуға болады. Отбасы өз алдына, қызметіне де, өнерге де адал жандар.
Әдемі қартаю деген физикалық ұғым ғана емес, бұл – рухани көрініс. Айналасына жылу, мейірім шашып жүрген адамның ойы да таза, сырт келбеті де келісті болатыны белгілі. Десек те, бет күтімі, тері, шаш күтімі дегендерді қалай сақтауға болады?
Кәрілікке бой бермей, көркін сақтай білген әйелдер туралы бүгін 15.05-те «Әйел бақыты» ток-шоуынан біле аласыздар.