2050 жылға қарай Қазақстанда қарттардың саны 2 есе көбейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2050 жылға қарай Қазақстанда қарттардың саны 2 есе көбейеді

05.05.2021

2050 жылға қарай Қазақстанда қарттардың саны екі есе көбейеді. 65 жастан асқан тұрғындар 3 млн 400 мыңнан асады. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының есебінде жазылды. Зерттеуге қарасақ, Қазақстан демографиялық қартаюдың бастапқы кезеңінде тұр. Енді 30 жылда қарттардың саны 14 процентке көбеймек. Сарапшылардың айтуынша, егде жастағы әр бесінші адамның әлеуметтік жағдайы нашарлайды. Сонымен бірге, сауалнамаға қатысқан қариялардың 61 проценті қарттарға қатысты зорлық-зомбылық бар деп көрсеткен. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу