«Мисс Хан Шатыр-2014» байқауының жеңімпазы анықталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мисс Хан Шатыр-2014» байқауының жеңімпазы анықталмақ

04.09.2014
«Мисс Хан Шатыр-2014» байқауының жеңімпазы анықталмақ

2014 жылдың 26 шілдесі мен 26 тамызы аралығында «Мисс Хан Шатыр-2014» сұлулық байқауына іріктеу жүргізіліп, еліміздің ең сұлу 20 аруы анықталды.

Осыған орай «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі конкурс қатысушыларына арнайы бағдарлама әзірледі.

3-6 қыркүйек аралығында арнайы фотосессия, таныстыру мен ақтық сынға дайындық жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, арулармен мамандандырылған шаш әрлеушілер, стилистер мен фотографтар жұмыс жасады.

Осының барлығынан тәжірибе жинаған сұлулар енді өз мүмкіндіктерін 7 қыркүйекте көрсететін болады.

Ал жеңімпаз атанған аруларға қаржылай сыйлықтар: «Мисс Хан Шатырға»-10 000$, I Вице мисске-5 000$, ал II Вице мисске -3 000 АҚШ доллары табысталады.

Сұлулық байқауында қыздар ұлттық көйлектермен қатар, отандық дизайнерлердің кешкі үлгідегі көйлектерін көпшілік назарына ұсынады.

Ал іс-шараны елімізге белгілі әншілер Айқын Төлепберген мен Мақпал Исабекова жүргізеді.

Хабарламаларға жазылу