Астанаға Рафаэль Надаль келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанаға Рафаэль Надаль келеді

09.09.2014
Астанаға Рафаэль Надаль келеді

Қыркүйектің 24-25 күндері Астанаға аты аңызға айналған испан теннисшісі, жекелей сында «Үлкен дулыға» сериясының 14 турнирінің жеңімпазы, Олимпиада чемпионы Рафаэль Надаль келеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты Рафаэль Надаль Мемлекет басшысымен кездеcіп, «Кешкі Астана» (Astana Opera Hous, Бәйтерек, Пирамида, Тәуелсіздік алаңы, Хан-Шатыр ғимаратына саяхат) шарасына қатысады. Сондай-ақ, «Haileybury Astana» халықаралық мектеп-пансионатына барады. Шара соңында баспасөз мәслихатын және жастармен шеберлік сыныптарын өткізеді.

Фото: sport-xl.org

Хабарламаларға жазылу