Елордада үздік әлеуметтік жобалар конкурсы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада үздік әлеуметтік жобалар конкурсы басталды

08.04.2016
Елордада үздік әлеуметтік жобалар конкурсы басталды

Астанада Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар конкурсы басталды.

Елордалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы конкурсқа қатысуға өтініштер қабылдауда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Конкурсқа халықты әлеуметтік қорғау жүйесі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымы, басқа да мекемелер мен ведомстволар, жеке тұлғалар мен басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Конкурсқа халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға көмек көрсетуге бағытталған кемінде 1 жылдан астам уақыттан бері іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалар жіберіледі.

Қалалық іріктеуден өткен әлеуметтік жобалар республикалық көрмеге қатысады.

Конкурсқа қатысу шарттарымен Астана қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының сайтында немесе 21-22-61, 21-62-17 телефондары арқылы танысуға болады. 

 

 

Хабарламаларға жазылу