Қыркүйектің 8-14 күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында еркін және грек-рим күресінен ерлер және әйелдер арасында Әлем чемпионаты өтеді. Біріншілікте 90 елден 800-ге тарта палуан 24 салмақ бойынша сынға түседі, деп күтілуде.
Әлем чемпионатының күнтізбесі:
8-ші қыркүйек: 57, 70, 86 және 125 келі салмақта іріктеу және финал кездесулері өтеді.
8-ші қыркүйек күні сағат 19:00-де Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтеді.
9-шы қыркүйек: 61, 65, 74 және 96 келі салмақта іріктеу және финал кездесулері өтеді.
10-шы қыркүйек: Әйелдер күресі бойынша кездесулер басталады. Бірінші күнгі бәсекеде 48, 55, 60 және 69 келі салмақта іріктеу және финал кездесулер өтеді.
11-шы қыркүйек: Әйелдер күресі бойынша 53, 58 және 75 келі салмақта іріктеу және финал кездесулер өтеді.
12-ші қыркүйек: Әйелдер күресі бойынша 63 келі салмақта іріктеу және финалдық бәсекелер өтеі.
12-ші қыркүйек: Ерлер арасында грек-рим күресі бойынша 75 және 85 келі салмақта іріктеу және финал кездесулері өтеді.
13-ші қыркүйек: Грек-рим күресі бойынша 66, 80 және 130 келі салмақта жүлдегерлер мен жеңімпаздардың есімі белгілі болады.
14-ші қыркүйек: Грек-рим күресі бойынша 59, 71 және 98 келі салмақта жүлдегерлер мен жеңімпаздардың есімі белгілі болады.